Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судья 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Astana TV.
Олар биыл қаңтар айында ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ҰҚК қамауға алынған.
«Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген ҰҚК хабарламасында.