$454.98 €509.53 ₽5.37

"Қар жауып, көктайғақ болады": ТЖМ ескерту жасады

"Қар жауып, көктайғақ болады": ТЖМ ескерту жасады

Астанада қар жауды. Жаңбыр соңы қарға ұласып, күн күрт суытты. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында алдағы күндері жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді. 6 өңірде қар жауып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Төтенше жағдай қызметі  тұрғындарға ескерту жасады.  Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтықты қатаң сақтауға кеңес берді. Сонымен қатар, желді күні өрт қаупі жоғарылайтындықтан, от жағуға тыйым салынады.