Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Су тасқынынан зардап шеккен шығыс халқына көмек ретінде сенаторлар бір күндік жалақысын аударатын болды

AstanaTV
29.03.2018ж. 20:00
2351
Су тасқынынан зардап шеккен шығыс халқына көмек ретінде сенаторлар бір күндік жалақысын аударатын болды

Су тасқынынан зардап шеккен шығыс халқына көмек ретінде сенаторлар бір күндік жалақысын аударатын болды. Бұл туралы бастаманы бүгін депутат Дүйсенғазы Мусин көтерді. Ұсынысты жоғарғы палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдап, қиын жағдайда қалған отандастарымызға осындайда жәрдем керек екенін еске салды.

Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жергілікті атқарушы орган табиғи апатқа байланысты тиісті шаралар қабылдауда, барлық шығысқазақстандық жұмылып, тілсіз жаумен белсене күресіп жатыр. Алайда техника, адам күші барынша жұмылдыруына қарамастан, орын алып отырған жағдай қосымша қаржылай қолдауды талап етеді. Су тұтқынында қалған және табиғи апат салдарынан үлкен қиындықтарға тап болған Шығыс Қазақстан облысындағы отандастарымызға көмек қолын созып, біркүндік жалақымызды аударуды ұсынамын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Депутаттар қарсы болмайтын шығар. Жақсы ұсыныс. Шешім қабылданды деп есептейміз. Бұл біздің Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көрсеткен көмегіміз болсын.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА