Полицияның мәліметінше, 52 жастағы Абдулла Ташматов бағдарлық автобуста келе жатып, насыбай қалдығын еденге лақтырған. Өзге жолаушылар оған ескерту жасағанымен, ер адам оны елеусіз қалдырған, деп хабарлайды Astana TV Halyqstan телеграмм-арнасына сілтеме жасап.
Нәтижесінде ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сот ер адамға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.