$453.65 €509.99 ₽5.31

Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер 10 тәулікке қамалды

Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер 10 тәулікке қамалды
Polisia.kz

13 әкімшілік хаттама толтырылды

Қарасай ауданында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер 10 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Astana TV.

Қарасай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бірнеше жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға Алматы – Астана автожолында болған. Сол түні сағат 00:30 шамасында төрт жүргізуші Жібек Жолы ауылындағы мейрамханадан шығып, Алматы – Астана автожолы бойымен қозғалған. Олардың жолда қауіпті әрі өрескел әрекеттерге барғаны бейнежазбаға түсіп қалған.

Жүргізушілердің жеке басын анықтау барысында олардың Еркебұлан Жолдасбай, Бекарыс Махсетов, Ержан Жұмалиев және Ардақ Тұрғанбай екені белгілі болды. Оларға қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу және бұзақылық фактілері бойынша барлығы 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар BMW көлігінің люгінен пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан азаматтың да жеке басы анықталды. Мейірбекке Базарымбетовке қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Осылайша, оқиға бойынша барлығы 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотта қаралып, құқық бұзушыларға 10 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды. Полиция жолда қауіпті әрекеттерге бару өзге де жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Құқық қорғау органдары мұндай фактілерді бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.