$453.93 €508.72 ₽5.35

Каспийде қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қаржылай көмек бөлінді

09.10.2026ж. 23:37
Каспийде қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қаржылай көмек бөлінді
Фото:gov.kz

Маңғыстау облысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек бөлу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Astana TV. 

Еліміздің ірі кәсіпорындары, кәсіпкерлері мен меценаттарынан түскен қаржыны жинақтау үшін арнайы «Ұлттық рух» қоры белгіленді.

Облыс әкімдігінің ақпаратынша, қаржыны бөлу жұмысымен қаражаттың әділ бөлінуін және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған комиссия айналысқан.

«Комиссия құрамына құқық қорғау органдарының, қоғамдастықтың өкілдері, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мәслихаттардың өкілдері кірді. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қорға түскен барлық қаражат қабылданған шешімдерге сәйкес және заңнамада белгіленген тәртіппен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары арасында әділ әрі тең бөлінді», – деді Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов.

Бұдан бөлек, оқиғадан аман қалған әскери қызметшілерге де жеке төлемдер қарастырылған. Оларға көрсетілген материалдық көмектің мөлшері комиссия шешімдеріне сәйкес белгіленген.

Қаражатты есепке алу және бөлу жөніндегі барлық шешім комиссия жұмысы аясында қабылданып, тиісті хаттамалармен рәсімделген және заңда белгіленген рәсімдер сақталған. Бұл жұмысқа қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары да қатысқан.