$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Қазақстанның бірнеше аймағында су басу қаупі сақталуда

AstanaTV
02.04.2018ж. 20:00
4281
Қазақстанның бірнеше аймағында су басу қаупі сақталуда

Қазақстанның бірнеше аймағында су басу қаупі сақталуда. Осыған орай дауылды ескерту хабарламасы жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. 2-4 сәуір аралығында Қарағанды облысында ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Аумақтағы өзен-көлдер тасып елді мекендерді су басу қаупі бар. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұз бен қар жылдам ериді деген болжам бар. Синоптиктер, бұл жағдай судың өзен жайылмасына шығуына алып келеді, деп отыр. Ал сәуірдің 3 мен 4 аралығында  Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында су басу қаупі барын мамандар болжап отыр.

Диана  САПАРҚЫЗЫ