Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мәжіліс депутаттары президенттің 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіріп жүр

AstanaTV
30.03.2018ж. 20:00
3010
Мәжіліс депутаттары президенттің 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіріп жүр

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасты. Бүгін бір топ мәжілісмен Ақмола облысының Ақкөл және Целиноград аудандарындағы кәсіпорын ұжымымен кездесті.  аралаған Целиноград ауданында құс етін өндіріп, егін шаруашылығымен айналысатын «Шаңырақ» компаниялар тобының жұмысымен танысты. Фабрикада сағатына 10 тонна бидайды кептіретін заманауи құрылғы орнатылған. Өнімділікті арттыру үшін жасанды ұрықтандыру жүйесі қолданылады. Жылына 20 мың тонна ет өндіреді. Мекемеде 600- ден астам адам еңбек етеді. Депутаттар оларға президенттің 5 әлеуметтік бастамасын түсіндірді. 

Әлия Сапарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мақсатымыз кездесудегі - бұл біздің сайлаушыларымызға осы жақында ғана Елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үндеу қылған 5 әлеуметтік бастама төңірегінде хабардар ету. Оның ішінде бес әлеуметтік бастама әрбір қазақстандық үшін тиесілі деп ойлаймын.

Керекуде 5 бастаманы түсіндіруге барған бір топ депутат Ақсу қаласының маңында Евгеньевка ауылындағы шаруа қожалықтарына барды. «Сергей» және «Тимур» шаруа қожалықтары картоп, көкөніс, көпжылдық шөптер, күнбағыс және басқа да өсімдіктер өсіреді. Депутаттар Ақсу ферроқорытпа зауытына да барды.

Мұрат Теміржанов, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бәрі салыстыру кезінде белгілі болады. Мен бұл жерге «жақсы» деген бағаны  сенімді түрде қоя аламын. Шалғай аймақта ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидатының қызмет етіп жатқананын көрсеңіз, сонымен бірге, оның жұмысына деген сүйіспеншілігі бар болса,  бұл нұр үстіне нұр. Бұндайды барлық жерде кездестіре бермейсің.