$451.31 €504.56 ₽5.36

СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады

12.10.2026ж. 22:09
СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: ҚР СІМ

Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген қазақстандықтарға сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды ескертті, деп хабарлайды Astana TV.

Сондай-ақ азаматтарға аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды және рейстердің мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылауды; адам көп жиналатын орындар мен қауіпті нысандардан аулақ болуға кеңес береді.

Шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.

Төтенше жағдай туындаса, Қазақстанның Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе Жиддадағы Бас консулдығына хабарласуға болады.

Жедел байланыс нөмірлері:

Эр-Риядтағы консул: +966 55 663 01 77

Жиддадағы консул: +966 53 275 80 80