Google компаниясы қолданушыларға фотолар мен видеоларда жасанды интеллект іздері бар-жоғын тексеруге мүмкіндік беретін SynthID.com веб-сайтын іске қосты, деп хабарлайды Astana TV.
Сервис жүктелген файлдардан медиафайлдарды жасау кезінде нейрожелілер енгізетін цифрлық су таңбаларды іздейді.
Құрал Google, OpenAI, Nvidia және Kakao жүйелерінің көмегімен жасалған контентті таниды. Алайда ол әзірге жобаның серіктестік желісіне кірмейтін басқа танымал нейрожелілерде жасалған жалған суреттерді анықтай алмайды.
Әзірлеушілер кіріктірілген технология белгілерді қиюдан немесе графикалық редакторларда өңдеуден қорғайтынын атап өтті.
Сонымен қатар зерттеушілер порталда белгінің табылмауы суреттің шынайылығына кепілдік бермейтінін ескертті, өйткені кескін басқа сервис арқылы жасалған болуы мүмкін. Сайтқа кіру үшін қолданушыға Google, Apple немесе ChatGPT аккаунттары арқылы авторизациядан өту қажет.