$451.31 €504.56 ₽5.36

Қостанай облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

13.10.2026ж. 02:23
Қостанай облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ бен екі мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Astana TV.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілд

Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан бір адам жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады полиция.