$448.45 €501.59 ₽5.36

Ұлттық қор бюджет тапшылығын жабудың тұрақты көзіне айналмауы керек

Ұлттық қор бюджет тапшылығын жабудың тұрақты көзіне айналмауы керек
Фото: Құрылтай

Ұлттық қордан бюджетке бағытталған қаражаттың жұмсалу бағыты ашық көрсетілуі тиіс

«2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев 2027 жылғы бюджет жобасында Ұлттық қордан 2,4 триллион теңге кепілдендірілген және 2 триллион теңге нысаналы трансферт қарастыру көзделгеніне назар аударды.

Оның айтуынша, мұндай қомақты қаражаттың жұмсалу бағыты ашық көрсетілуге тиіс. Фракция жетекшісі Ұлттық қордың бюджет тапшылығын жабудың тұрақты көзіне айналмай, оның қаражаты ұзақ мерзімді дамуға қызмет еткені дұрыс екенін мәлімдеді.

 

#қазақстан #құрылтай #әділетфракция #ӘділеттіҚазақстан