Бұған дейін ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жеті тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл жолы Роллан «Льдинка» кафесінде болған төбелес бойынша күдікті деп танылған. Тергеу жұмыстарын Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізуде. Бұл қылмыстық іске оның құрбысының да қатысы бар делінген Криминальный Казахстан телеграмм-арнасы таратқан ақпаратта.
Блогер тергеу амалдарына шақырылғанымен, белгіленген уақытта келмеген. Кейіннен Ролланның Қазақстаннан тыс жерге шығып кеткені, шамамен Таяу Шығыста немесе Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінде жүргені белгілі болды.