Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қазақ тарихының жаңа деректері енген жинақ жарыққа шықты

AstanaTV
02.04.2018ж. 20:00
3326
Қазақ тарихының жаңа деректері енген жинақ жарыққа шықты

Қазақ тарихына қатысты осы күнге дейін жіті зерттелмей келген деректерді интернет желісінде насихаттау. Осы игі істі қолға алу мақсатында «Қазақ тарихы» порталы құрылған. Танымал тарихшылар, этнографтар мен зерттеушілердің бір жылдық зерттеу мақалалары кітап болып жарыққа шығып отыр. Жинақта бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған тарихи шындықтар, жеке адамдардың тағдырлары оқырман қауымға ұсынылды. Мысалы, қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы немесе осыдан 115 жыл бұрын Александрия қаласында ғұмыр кешкен қазақ қызы туралы қызықты оқиғаны осы жинақтан оқып білуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ алаш ардақтылары Тұрар Рұсқұлов пен Жаһанша Досмұхамедұлы туралы тың деректер оқырманды қызықтыруы мүмкін, дейді кітапты құрастырушылар. Жоба  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында  миссиясын атқарып отыр.

Алтынбек Қумырзақұлы, жоба ұйымдастырушысы:

Елбасының «Рухани жаңғыру: келешекке бағдар» мақаласындағы туған жер, киелі Қазақстан бағдарламалары бойынша да біз экспедициялар ұйымдастырып, сол жерлерге барып, тарихи нысандары мен жерлерді аралап, тарихи ескерткіштер туралы порталымызда ақпараттар жинақтаған болатынбыз. Соның біразы да осы еңбекке кіріп отыр.