$450.62 €504.2 ₽5.36

Атырауда психотроптық зат тұтынған жүргізуші ұсталды

Атырауда психотроптық зат тұтынған жүргізуші ұсталды
Polisia.kz

Атырауда психотроптық зат тұтынған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Astana TV.

Атырауда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізуде. 14 қазан күні рейд барысында көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Daewoo автокөлігін жүргізген азамат және психотроптық заттарды тұтынған күйде BMW көлігін басқарған жүргізуші анықталды. Сонымен қатар Toyota, Lada және Chevrolet автокөліктерінің жүргізушілері қарсы бағытқа арналған жолаққа шыққан. 5 жүргізушіге қатысты әкімшілік шарасы алынып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Полиция ескертеді: жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз! Мас күйде немесе көлік басқару құқығынсыз рөлге отыру өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндіреді.