$454.14 €509.23 ₽5.41

Екі жүк көлігінің ортасына қысылып қалды: Жол апатынан тәрбиешілер қаза тапты

Екі жүк көлігінің ортасына қысылып қалды: Жол апатынан тәрбиешілер қаза тапты

Қызылжар өңірінде балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатына ұшырап, қаза тапты. Жантүршігерлік оқиға Тайынша ауданында болды. Тас жолдың үстінде екі камаз 3 жеңіл көлікпен соқтығысқан. Салдарынан ауди темір тұлпары екі жүк көліктің арасына қысылып, сау тамтығы қалмаған. Оның ішінде отырған үш адам сол жерде бақилық болды. Ал жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын қолға алды. Айта кетейік, облыстық білім  беру басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, апатқа ұшыраған балабақша қызметкерлері көрші ауданға жұмыс сапарымен емес, жеке мақсатпен барған.

ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

20 жастағы жүргізушінің жағдайы тұрақты. Хирургиялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Оған бас миы шайқалуы және бір жақ өкпесінің зақымдануы деген диагноз қойылды. Екінші науқас - әйел адамға, күрделі ота жасалды. Себебі оның бас ми жарақаты тіркелген. Бас миы шайқалған. Сонымен қатар ішкі құрылыс мүшелеріне үлкен зақым келген. Ота бірнеше сағатқа созылды.