Жамбыл облысында Ресейдің танымал әншісі есірткімен ұсталды. Сахналық Navai лақап атымен танылған рэпер Қордай шекарасы маңындағы бақылау өткізу пункінде иісшіл иттің көмегімен қолға түскен. Мініп келген көлігін тексеру барысында 2 жарым грам жасыл түсті марихуана табылған. Көлікте әншіден бөлек тағы екі адам болған. 31 жастағы шетелдік әнші көрші ел Қырғызстанда концертін беріп, Астанада өтетін кешіне келе жатқан. Есірткі контрабандасы күдігімен қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып тәркіленді. Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасы оқтаулы күдігімен қылыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.