$450.62 €504.2 ₽5.36

"Мемлекеттік органдардың спикерлер институтын күшейту қажет",- вице-министр

AstanaTV
15.10.2026ж. 19:00
"Мемлекеттік органдардың спикерлер институтын күшейту қажет",- вице-министр

"Мемлекеттік органдардың спикерлер институтын күшейту қажет". Astana Media Week аясында Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов дәл осылай деді.

Оның сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей өз ойын көпшілікке ұғынықты етіп жеткізе алмайды. Сондықтан ресми өкілдердің жұмысын күшейту қажет. Сонымен қатар ол журналистердің кәсіби этикасына тоқталып, барлық мәселені заңмен реттеу мүмкін емес екенін атап өтті. Әсіресе, балаларға қарсы қылмыстар мен суицид тақырыбын жариялағанда журналистік жауапкершілік пен ортақ кәсіби қағидалар маңызды дейді. Жиында БАҚ туралы заңға енгізілетін өзгерістер де талқыланды. Медиа өкілдері заң жобасын әзірлейтін жұмыс тобына журналистерді көбірек тарту қажеттігін айтты.

ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

БАҚ туралы заңды медиа өкілдерінің қатысуынсыз қалай қарастырып, қабылдауға болады? Бұл мәселені шешуге дайынбыз. Жұмыс тобына медиа өкілдерін қосу мүмкіндігін пысықтаймыз. Ол үшін журналистік қауымдастық өз өкілдерін ұсынуы керек.