$454.14 €509.23 ₽5.41

ШҚО-да көлік ұрлығы мен екі тонауға күдікті ер адам ұсталды

ШҚО-да көлік ұрлығы мен екі тонауға күдікті ер адам ұсталды
Polisia.kz

Облыс орталығында криминалдық полиция қызметкерлері басқа облыстың 37 жастағы тұрғыны жасаған үш қылмысты — автокөлікті айдап әкету және екі тонау дерегін ашты, – деп хабарлайды Astana TV.

Алдымен күдікті қаладағы үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөлікті заңсыз айдап кеткен. Кейін көлік табылып, иесіне қайтарылды. Одан соң дүкендердің бірінің маңында ол бейтаныс ер адамға күш қолданып, телефоны мен 25 мың теңгесін ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін үйлердің бірінің ауласында тағы бір жәбірленушінің телефонын, қолсағатын және 5 мың теңгесін алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.