$454.14 €509.23 ₽5.41

Тұрғындар өз бетінше шығып, қызыл жалыннан аман қалды

Тұрғындар өз бетінше шығып, қызыл жалыннан аман қалды
фото скрин

Ұлытау облысында көпқабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Astana TV.

Жезқазған қаласындағы Бейбітшілік даңғылында төрт қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Өрт салдарынан диван мен пластик терезе блогы жанған. Өрттің жалпы ауданы 5 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар ғимараттан өз бетінше сыртқа шыққан.