$454.14 €509.23 ₽5.41

Қарақұрт шаққан екі жасар қыз комадан шығып, 14 күннен кейін үйіне оралды

Қарақұрт шаққан екі жасар қыз комадан шығып, 14 күннен кейін үйіне оралды
Lada.kz/ЖИ

Маңғыстау облысында қарақұрттан зардап шеккен екі жасар қыз 14 күн емделіп, үйіне шығарылды, деп хабарлайды Astana TV.

Lada.kz мәліметінде, алдын ала мәлімет бойынша, ойын кезінде басқа бала қызға өрмекші берген. Көп ұзамай бүлдіршіннің жағдайы күрт нашарлаған.

Қыз аудандық ауруханадан облыстық балалар ауруханасына медициналық авиация арқылы жеткізілді. Дәрігерлер оған қарақұртқа қарсы сарысу егіп, қарқынды терапия жүргізген.

Ауруханаға түскенде баланың жағдайы өте ауыр болып, ол комада жатқан. Қыз 10 күн жансақтау бөлімінде емделіп, кейін комадан шығып, өздігінен тыныс ала бастаған.

Жағдайы тұрақталған соң, тағы төрт күн бейінді бөлімшеде ем қабылдап, үйіне жіберілді.