$454.14 €509.23 ₽5.41

Талдықорғанда TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан әйел жазаланды

Талдықорғанда TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан әйел жазаланды
Фото: pixabay

Жетісу облысының полиция қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында полицейлер TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады. Атап айтқанда, Талдықорғанның 35 жастағы тұрғыны Анеля Ерменбетова тікелей эфир барысында алкогольдік ішімдік ішіп, бейәдеп сөздер айтқан.

Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын жедел анықтап, тиісті шаралар қабылдады.

Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және қоғамда өзара сыйластық пен тәртіп қағидаттарын ұстануға шақырады. Әрбір азамат өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауы тиіс. Құқыққа қайшы кез келген әрекет үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген.

"Заң мен тәртіп" қағидаты – баршаға ортақ.