Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Құтқарушыларға техникалық жабдықтар алуға 4,3 млрд тг қажет - Қ.Қасымов

AstanaTV
03.04.2018ж. 20:00
2878
Құтқарушыларға техникалық жабдықтар алуға  4,3 млрд тг қажет - Қ.Қасымов

Құтқарушыларға техникалық жабдық сатып алуға 4 млрд теңгеден астам қаржы керек. Жалпы табиғи апаттардан құтқару саласына ақша өте аз бөлінеді. Бұл туралы Үкімет жиынында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты. Оның дерегінше, бүгінде 58 елді мекенде орналасқан бас-аяғы 1 жарым мыңнан астам тұрғын үй су астында қалған. Шығыс Қазақстан облысындағы 3 аудан мен Семей қаласындағы ахуал әлі де күрделі. Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі сақталған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ әкімі Даниал Ахметов мұндай жойқын су тасқыны соңғы 60 жылда болмағанын айтады. Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілікке көшкен. Өзендерде мұз жару шаралары жалғасып жатыр.  Қасымов  құтқару саласын қаржылай қамтамасыз ету кей өңірлерде тіпті 30 пайыздан аспайтынын айтып қалды. 

Қалмұханбет Қасымов,  ҚР Ішкі істер министрі:

Бұл мәселе біраз жылдан бері қаражаттың аздығынан шешілмей келеді. Бүгінде құтқару қызметтерін техникалық қамтамасыз ету 30 пайыздан аспайды. Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласы бюджеттерінен аталған бағытқа қаржы өте аз бөлінеді. Дәл осы кезде бізге 4 млрд-тан астам қаржы керек.

Тасқынға байланысты Шығыс Қазақстандағы көптеген білім ошақтарында сабақ тоқтатылды. Әзірге белгілісі, оқушылардың жоспардан тыс демалысы осы аптаның аяғына дейін созылмақ. Өзгеріс балалардың 9 сәуірден бастап тапсыра бастайын сынақтарын да айналып өтпейді.

Ерлан Сағадиев,  ҚР Білім және ғылым министрі:

Халыққа жеткізетін ақпарат, бүгінгі үлкен суға байланысты бірнеше ауданда, мысалы, ШҚО бірнеше мектептерінде оқушылардың білім жетістігін бағалау сынақтарын өткізбейтін боламыз. Су көбейіп жатыр, нақты ақпарат бүгін облыстарға жіберіледі.