Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Үкімет оқытушылардың жалақысын көтеруге 62 млрд теңге бөлмек

AstanaTV
03.04.2018ж. 20:00
2862
Үкімет оқытушылардың жалақысын көтеруге 62 млрд теңге бөлмек

Мұғалімдердің еңбекақысы 50 пайызға дейін артады. Үкімет оқытушылардың жалақысын көтеруге 62 млрд теңге бөлмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты. Елдегі адами капиталды дамытуға барлығы 100 миллирд теңге қарастырылған. Осылайша бюджет шығыны 9 триллион теңге үстінде. Ол негізінен әлеуметтік салаға жұмсалмақ.

Бақыт Сұлтанов,  ҚР Қаржы министрі:

Мүгедектердің күтімін жүзеге асыратын адамға жаңа жәрдемақы тағайындауға  2.7 млрд, ауылдарды ауыз сумен қамтуға қосымша 31 млрд теңге қаралады. Салынып жатқан тұрғын үй нысандарына инженерлік коммуникация жүйесін тартуға 31 млрд теңге бөлінеді. 

Мұнан өзге киберқауіпсіздікті арттыру шараларына 71 млрд теңге,  жолдарды жөндеуге  29 млрд теңге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға - 15,6 млрд теңге қаралады. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының 3-ші және 4-ші бағытына бас-аяғы 25 млрд теңге бөлу жоспарланған. Яғни оқу гранттарын 20 мыңға арттыру үшін  5 млрд теңге қаралады. Шағын несиелеу көлемін 60 млрд теңгеге жеткізу тапсырмасын орындауға қосымша  20 млрд теңге бағытталады,- деді министр. Биыл мұнай бағасының қымбаттауынан бюджет кірісі артқан. Нақтыланған бюджетте қара алтынның болжамды бағасы барреліне 55 АҚШ долларына дейін ұлғайтылды. Бұған дейін ол 45 доллар көлемінде болатын.