$454.14 €509.23 ₽5.41

«Ауыл бапкері» телехикаясы «Тұмар» сыйлығын жеңіп алды

AstanaTV
16.10.2026ж. 19:00
«Ауыл бапкері» телехикаясы «Тұмар» сыйлығын жеңіп алды

Сүйінші жаңалық! Астана телеарнасының «Ауыл бапкері» телехикаясы «Тұмар» ұлттық сыйлығының «Үздік телехикая» аталымында жеңімпаз атанды. Достық, футбол және ауыл өміріндегі қызықты оқиғаларды арқау еткен «Ауыл бапкері» ситкомы екі маусым бойы көрсетілуде. 12 бөлімнен тұратын телехикаяның оқиғасы ауылда жаңа футбол командасын құруға бел буған Саматтың бастамасы мен ойыншылардың қызықты сәттеріне негізделген. Бірақ жаңа ойыншылардың футболдан хабары шамалы: бірі тегін форма үшін келсе, енді бірі үйден қуып шыққан соң жаттығуға қосылған. Команда жеңіске әлі дайын емес. Бірақ Самат үшін ең маңыздысы - чемпион тәрбиелеу емес, алғашқы жеңілістен кейін берілмеуді үйрету. Үздік атанған телехикаяны арнамыздың сайтынан, әлеуметтік желілердегі парақшаларынан қайталап көрсеңіздер болады.