Санжар Боқаевтың алаяқтық тәсілі әшкереледі. Алматыда болып жатқан сот процессінде прокурор «BM Trust» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы айыпталушы қыруар қаржыны заңсыз шығарғанын мәлімдеді. Прокурордың айтуынша, бұл айла-шарғыны Боқаевтың өзі ойластырып, ұйымдастырған. Мемлекеттік айыптаушы келтірген тағы бір деректе ауқымды автошеру кезінде 42 млн теңге қаржыны жымқырған. Сонымен қатар, кәсіподаққа мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарын бұзып, мерекелік және өзге де іс-шараларға конкурстар мен тендерлер өткізбей қаражат жұмсай алған. Айта кетейік, Санжар Боқаевқа алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу және жалған ақпарат тарату сияқты бірқатар қылмыстық әрекет бойынша айып тағылып отыр.