Ұлытау облысында құтқарушылар адасып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Astana TV.
Ұлытау облысының «112» пультіне 1982 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол Сәтбаев қаласынан «Спутник» саяжай алқабына қарай жолға шыққан. Жолда скутері бұзылып, қараңғы түскен соң ер адам адасып кеткен.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен полиция департаментінің қызметкерлері жедел түрде жұмылдырылды. Іздестіру аумағында бірнеше іздеу тобы құрылды.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ер адам «Спутник» саяжай алқабынан 10 шақырым қашықтықта табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.