$452.12 €508.95 ₽5.41

Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

17.10.2026ж. 15:42
Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.