Калкуттадағы қайғылы оқиға 17 адамның өмірін қиды, тағы 35 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Astana TV TASS агенттігіне сілтеме жасап.
Үндістанның шығысындағы Калкутта қаласында өткен діни мерекеде орын алған кептеліс салдарынан 17 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды,
«Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 19:40 шамасында Гириш-Парк полиция бөлімшесі аумағындағы пандалдың шығу қақпасында жаңбыр кезінде халықтың тым көп жиналуына байланысты қысылыс орын алды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, шамамен 35 адам ауруханаға жеткізілді», – делінген Калкутта полициясының мәлімдемесінде.
Оқиға куәгерлерінің бірі қыспақ кезінде көптеген адамның есінен танып қалғанын айтты.