"102" арнасына көлге жасөспірімнің батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Маханбет Шаянбаев пен Қасымхан Қалаубек ойланбастан суға секіріп, 16 жастағы жасөспірімді аман алып қалды, деп хабарлайды Astana TV.
Белгілі болғандай, жасөспірім балық аулау кезінде көлге абайсызда құлап, тасқа ілініп қалғандықтан, өздігінен жағаға шыға алмаған.
Құтқарылған жасөспірім жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы.
Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге жедел әрекеті мен батылдығы үшін алғыс білдірді.