$452.12 €508.95 ₽5.41

ҰҚК Қазақстанда Қытайдың 13 азаматын ұстады

ҰҚК Қазақстанда Қытайдың 13 азаматын ұстады
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес шеңберінде ҚР заңнамасын бұза отырып елде жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Astana TV. 

Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.

Топтың әрекеттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.

Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды.

16 қазанда шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылды.