Қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Astana TV.
Отандасымыз J2 класында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Ибраһим Нұрмаханұлы 2025 жылы Азия чемпионы атанса, 2026 жылы пара дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген болатын.