$452.59 €507.67 ₽5.48

Астанада Қарағандының креативті өнімдері 10 млн теңгеге сатылды

AstanaTV
19.10.2026ж. 19:00
Астанада Қарағандының креативті өнімдері 10 млн теңгеге сатылды

Көмірден жасалған бұйымдар, 3D принтермен басылған анатомиялық модельдер мен заманауи роботтар. Астанада Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Шараға 80-нен астам суретші, дизайнер, қолөнер шебері мен технологиялық жоба авторы қатысты. Олар келушілерге ұлттық нақыштағы киімдер мен авторлық әшекейлерден бастап, керамика бұйымдары мен заманауи технологиялық өінмдерге дейін ұсынды. Әсіресе Қарағандының өндірістік тарихын өзгеше қырынан танытқан көмір мен металдан жасалған мүсіндер көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Екі күнге созылған жәрмеңкеге 4,5 мың адам келді. Келушілердің қызығушылығы сауда нәтижесінен де байқалды: жалпы құны 10 миллион теңгенің өнімі сатылды.Екі күн ішінде жәрмеңкеге 4,5 мың адам келіп, жалпы құны 10 миллион теңгенің өнімі сатылды.

ЕРЛАН КАНАЛИМОВ, «КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ» КҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Әр өңірдің потенциалын білгіміз келгендіктен, біз осы жобаны бастап кеткен болатынбыз. Бүгінгі күні өңірлер толыққанды болды. Енді бізде 2-ақ өңір қалды қалған. Қызығушылық өте көп, бүгінгі күні жалпы айтатын болсақ, осы өңірлердің сатқан өнімінің құны 170 млн-нан асып кетті.