$452.59 €507.67 ₽5.48

Биыл қыс жылы болады

AstanaTV
19.10.2026ж. 19:00
Биыл қыс жылы болады

Биыл қаһарлы қыс болмайды. Синоптиктердің болжамынша, қарашадан наурызға дейін ауа райы қалыпты температурадан 1-3 градусқа жылы болады. Тіпті қарашаның басында оңтүстікте күн 25 градусқа дейін ысуы мүмкін. Ал желтоқсан, қаңтар мен ақпанда еліміздің басым бөлігінде саршұнақ аяз болмайды. Алайда ауа температурасының жиі құбылуынан қар жамылғысының астында мұз қабаты түзіледі. Сондықтан еліміздің солтүстігі, орталығы мен шығысында көктайғақ, тұман және бұрқасын жел жиілеуі мүмкін.