Астанада Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жастар сарайында ұйымдастырылған мерекелік жиынға Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында үздік құтқарушыларға мерзімінен бұрын әскери атақтар беріліп, ведомстволық наградалар мен медальдар табысталды. Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты.