$452.59 €507.67 ₽5.48

Республика күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

20.10.2026ж. 13:29
Республика күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Қазақстанда 25 қазанда атап өтілетін Республика күні жақындап келеді. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Astana TV.

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазанда үш күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасында 25 және 26 қазан демалыс күндері болады. 24 қазан, сенбі – жұмыс күні.

Заңға сәйкес, мереке күні әдеттегі демалыс күніне сәйкес келсе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.