$450.69 €505.04 ₽5.45

Республика күні қарсаңында жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарға қызмет көрсетті

21.10.2026ж. 07:15
Республика күні қарсаңында жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарға қызмет көрсетті
фото: ҚР ДСМ

Республика күніне орай ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Отар ауылдық округіне заманауи жылжымалы медициналық кешен келді, деп хабарлайды Astana TV.

Арнайы жабдықталған екі автокөлік компьютерлік томограф, цифрлық маммограф және сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппаратымен қамтамасыз етілген.

Жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындарына заманауи диагностикалық қызметтерді жергілікті жерде алуға мүмкіндік берді. Бұл тұрғындардың облыс орталығына немесе аудандық медициналық ұйымдарға қатынау қажеттілігін азайтып, ауруларды, соның ішінде онкологиялық сырқаттарды ерте анықтауға жол ашады.

Бұл – ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.