$452.59 €507.67 ₽5.48

Құрылтай Спикері Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Төрағасымен кездесті

20.10.2026ж. 13:51
Құрылтай Спикері Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Төрағасымен кездесті
фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

ТүркПА-ның XV пленарлық отырысы аясында Құрылтай Төрағасы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Төрағасы Сахиба Гафаровамен кездесті. Бұл туралы деп хабарлайды Astana TV.

– Бүгінде Қазақстан мен Әзербайжан – ғасырлар бойғы достық пен ортақ құндылықтар біріктірген стратегиялық серіктестер әрі сенімді одақтастар. Елдеріміз арасында сенімді саяси диалог орнаған, өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңейіп келеді. Екіжақты қарым-қатынастың табысты даму қарқынын президенттеріміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мен Ильхам Гейдарұлы Алиев айқындап отыр, – деді Айбек Дәдебай.

Құрылтай Төрағасы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда парламентаралық өзара іс-қимылдың маңызды рөлін де атап өтті. Осыған байланысты ол екі ел парламентарийлерінің ынтымақтастық топтары мен салалық комитеттер деңгейінде, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар аясында тұрақты байланыс орнату қажеттігін айтты.

Әңгіме барысында Әзербайжан тарапына Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен бір палаталы Құрылтайдың жұмысы туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде Сахиба Гафарова Қазақстандағы реформалар уақыт талабына сай, жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжан көшбасшыларының өз елдерінің болашағына қатысты көзқарастары барлық жағынан ұқсас екеніне, ал халықтарымызды рухани туыстық пен тарихи тамырластық байланыстыратынына да тоқталды.