$452.59 €507.67 ₽5.48

Қырғызстан Президенті ТүркПА-ға мүше елдер парламенттерінің төрағаларын қабылдады

20.10.2026ж. 14:16
Қырғызстан Президенті ТүркПА-ға мүше елдер парламенттерінің төрағаларын қабылдады
фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ТүркПА-ға мүше елдер парламенттерінің төрағаларын қабылдады. Құрылтай Спикері Айбек Дәдебай бауырлас елдің басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласы мен ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Astana TV.

Кездесуде елдердің көшбасшылары арасындағы тікелей өзара жемісті іс-қимылдың нәтижесінде бүгінде түркі мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас стратегиялық деңгейге көтеріліп, жан-жақты дамып келе жатқаны атап өтілді.

– Қазіргі уақытта елдеріміз арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар жүйелі түрде нығайып келеді. Негізгі бағыттардың барлығы бойынша өзара іс-қимылымыз жоғары қарқынмен дамып, ең жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл жетістіктер Сіз бен мемлекеттеріміз басшылары арасындағы өзара іс-қимылдың тікелей жемісті нәтижесі екені сөзсіз, – деп атап өтті Айбек Дәдебай Қырғызстан Президентіне қарата айтқан сөзінде.