Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда түске дейін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.
Президенттің айтуынша, қазір маңызды саяси құжаттың мәтіні әзірленіп жатыр.
«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының Жолдауында ел дамуының басым бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер қамтылуы мүмкін. Құжаттың нақты мазмұны Жолдау жарияланғаннан кейін белгілі болады.