$450.69 €505.04 ₽5.45

ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді

ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: depositphotos

Жол қозғалысын 2026 жылғы 21 қазанда сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Astana TV. 

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті.

2026 жылғы 20 қазанда сағат 21:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының KZ16-01 учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – делінген хабарламада.

Шектеу енгізілетін учаске: 7-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы – Алтай қаласы).

Жол қозғалысын 2026 жылғы 21 қазанда сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.