$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО-дағы су тасқынының зардабын жоюға 3 млрд теңгеден астам қаржы керек

AstanaTV
04.04.2018ж. 20:00
1932
ШҚО-дағы су тасқынының зардабын жоюға 3 млрд теңгеден астам қаржы керек

ШҚО-дағы су тасқынының зардабын жоюға 3 млрд теңгеден астам қаржы керек. Бұл соманың жартысын жергілікті бюджеттен бөлу жоспарланған. Бұл туралы  аймақ әкімі Даниал Ахметов  мәлімдеді. Барлығы 1371 үй су астында қалған. Тасқын кезінде 3400-дей адам эвакуацияланды. Аягөзде 52 жеке үй тұруға жарамсыз деп танылды. 16 отбасына жаңа баспана сатып алынған, өзгелерінің құжаты рәсімделіп жатыр.

Өңірдің бес ауданында төтенше жағдай тәртібі әлі сақталып отыр. Қалпына келтіру жұмыстарына 400-ден астам техника мен 5000-дай адам жұмылдырылған. Олардың қатарында құтқарушылар, полицейлер, әскерилер мен әкімдік қызметкерлері, жұмысшылар мен студенттер бар.