Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай республикалық патриоттық әндер байқауы жарияланды. Жарысқа ұлттық рухты жаңғыртып, егемендіктің үні мен болымысын өнер тілімен дәріптейтін авторлар қатыса алады. Жүлде қоры - 30 млн теңге. Басты талап - қатысушылар бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармаларын ұсынуы тиіс.Туындылар үш бағытқа бөлінеді: марш ырғақты екпінді әндер, баяу, лирикалық және замануи сарындағы рухты әндер. Ақындар мен сазгерлер үш бағыт бойынша да додаға түсе алады. Ән байқауына қатысу үшін 5 желтоқсанға дейін шығарманы khabar.kz/konkurs сайтына жүктеу керек. Жеңімпаздар есімі Тәуелсіздік күні қарсаңында анықталады.
ҚАЛҚАМАН САРИН, САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, АҚЫН:
Сөздің, әннің көркемдік деңгейінің жоғары болуы. Сөздің мағынасы, әннің асқақ барлық патриоттық әнге қажетті ырғағы, лирикасы немесе заманауи жастардың талабына, сұранысына сай қажеттіліктерінің бәріне жауап беріп тұрған ән болса, біздің талабымыз осы. Байқауға ҚР аумағында тұратын кез келген азамат қатыса алады.