Ақтауда автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Astana TV Lada.kz.-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға 21 қазан күні шамамен сағат 16:26-да 1А шағын ауданындағы онкологиялық орталықтың маңындағы жол бойында болған. Kia Cerato маркалы автокөліктің дымы қалмаған. Куәгерлер оқиға орнынан бейнежазба жариялады.
Көлікке көлемі 60 литрлік газ баллоны орнатылған, бұл жоғары қауіп туғызған. Алайда, зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар өртті сағат 16:41-де сөндірді.