Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Ақтау теңіз порты» акциясының 49% араб компаниясына сату жоспарланды

AstanaTV
04.04.2018ж. 20:00
2128
«Ақтау теңіз порты» акциясының 49% араб компаниясына сату жоспарланды

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын басқарудың бір бөлігі арабтарға өтеді. Компания акциясының 49 пайызын «DP World» компаниясына сату жоспарланған. Екі жақты келісімнің басты міндеттеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне барған сапарында қол қойды. Қаржылық мәселелер әзірге нақтыланған жоқ. Стратегиялық серіктес тарту мәселесі үкіметтік деңгейде көтерілген. Үміткерлер арасында Сингапур, Ирландия және Араб Әмірліктері болған. Таңдаудың арабтарға түскені кездейсоқтық емес.  Компания әлемнің 40-қа жуық елінде экономикалық аймақты басқару бойынша 30 жылдық тәжірибеге ие.

Бауыржан Қайратов, «Ақтау теңіз порты» АҚ басқармасының төрағасы:

«DP World» компаниясының стратегиялық серіктес ретіндегі басты міндеті Ақтау теңіз порты экономикалық аймағына инвесторларды тарту болып табылады. Болашақ әріптесімізге акцияның 49 пайызы өтеді. Жер телімін беру мәселесі қарастырылмаған. Біз тек басқарушы компанияға ғана акцияны сатамыз. Көбі жерді де сатып жатыр деп ойлайды. Жоқ, тек басқару ғана сатылады. Ал жер телімі мемлекеттің меншігінде қалады.

Қазақстан тарапы биылғы жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін барлық қажет құжаттарды әзірлеуі тиіс. Сол құжатта стратегиялық серіктестіктің мерзімі мен шарттары көрсетілмек.