$448.61 €503.83 ₽5.48

Алдағы күндері 10 градусқа дейін аяз болады

21.10.2026ж. 23:36
Алдағы күндері 10 градусқа дейін аяз болады
фото: pixabay

22-24 қазан аралығында антициклон әсерінен Қазақстанда аяз болады, деп хабарлайды Astana TV.

“Қазгидромет” ақпаратынша, ел аумағына суық антициклон жылжып келеді. Соның әсерінен батыс өңірлерде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді.

Түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0...+5°С-тан -5...-10°С-қа дейін төмендейді.