$448.61 €503.83 ₽5.48

Нұршат Төлеуқасым Азия Пара ойындарында пара садақ атудан қола медаль жеңіп алды

Нұршат Төлеуқасым Азия Пара ойындарында пара садақ атудан қола медаль жеңіп алды
Фото: kazparalympics

2026 жылғы 22 қазанда Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшы Нұршат Төлеуқасым пара садақ атудан қола медаль жеңіп алды

Ерлер арасындағы W1 класында қола жүлде үшін өткен кездесуде ол Таиланд өкілі Супхават Самутчайякиджді 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Astana TV.

Бұған дейін ширек финалда Нұршат Корея Республикасының спортшысын 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда Қытай өкіліне 0:6 есебімен есе жіберді.

Бұл жүлде Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы 17-ші қола медалі болды.