$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дәрі-дәрмектерді қадағалайтын бірыңғай жүйе енгізілетін болады

AstanaTV
04.04.2018ж. 20:00
3673
Дәрі-дәрмектерді қадағалайтын бірыңғай жүйе енгізілетін болады

Қазақстанда дәрі-дәрмектің сапасын қадағалайтын бірыңғай жүйе енгізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой хабарлады. Мақсат - контрафактілік медициналық тауарларды сатылымнан алу. Бақылау жүйесі арнайы штрих-кодтар бойынша жүргізіледі. 8 мыңнан астам дәріханадағы кассалық аппараттар кезең-кезеңімен ауыстырылады. Жүйенің есеп-шоты мен салығын бақылауды Қаржы министрлігі жүргізбек. Сонымен бірге, науқастар үшін мобильді қосымша пайда болады. Әр тұтынушы осы арқылы дәрілердің дұрыс тіркелуін, қауіпсіздігі мен сапасын анықтайды. Министрліктің ақпарынша, өткен жылы 507 бұзушылық тіркелді. Қолдан жасалған дәрілік заттар мен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттар анықталған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5 млн теңгеден асады.

Болат Жантөреев, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы бас директорының орынбасары: 

Жүйені енгізу арқылы дәрі-дәрмек қауіпсіздігін арттыру, адам денсаулығына төнетін қатерлерді төмендету көзделіп отыр. Сонымен қатар, ол өкілетті органдардың мониторинг өткізу және ақпараттық қолдау құралы қызметін атқарады.