$448.61 €503.83 ₽5.48

Атырауда қыздар төбелесті

Атырауда қыздар төбелесті

Атырауда қыздар төбелесті.  Қала маңындағы Еркінқала ауылында 7 сынып  оқушысын  өзінен жасы үлкен қыздар соққыға жыққан. Оқиға кешкісін футбол алаңында болған. Қыздардың қақтығысын таяқ жеген жасөспірімнің әкесі көріп қалып, дереу полицияға хабар берген. Жасы кішіге қол көтерген төрт қыз бала -  8 және 9 сынып оқушылары.  Олар полицияның есебіне қойылды. Ал ата-аналарына айыппұл салынды. 

ДИНА МАҚСОТОВА ,  ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

 4 жасөспірім анықталып,  полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жасөспірімдер  профилактикалық  есепке қойылды. Құқық бұзуышылыққа жол берген жасөспірімдер полицияның бақылауына алынды. Сонымен қатар жасөспірімдер мен  олардың ата-аналарымен профилактикалық  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.