$448.61 €503.83 ₽5.48

Танымал сауда желісінің Алматыдағы дүкенінде тарақан тамақ арасында жүр

AstanaTV
22.10.2026ж. 19:00
Танымал сауда желісінің Алматыдағы дүкенінде тарақан тамақ арасында жүр

Мұны дүкенге тамақтануға барған бойжеткен байқап, әлеуметтік желіге жариялапты. Жазба астында пікір қалдырғандардың бірі ірі сауда желісінің бір дүкенінен егеуқұйрық көргенін жазса, енді бірі қаймақтың қақпағының астынан өлі тарақан тапқанын айтады. Бұған қатысты дүкен басшылығы жауап берген жоқ. Ал қалалық СЭС -тің хабарлауынша,  желідегі видеолар өздігінен тексеруге негіз бола алмайды. Ол  үшін міндетті түрде арыз түсуі керек деп мәлімдеді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және қалалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына аталған жағдай бойынша өтініш келіп түскен жоқ. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты ресми өтініш түскен жағдайда, ол қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.